Атырауға шетелден бір аптада 240 жолаушы ұшып келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауға шетелден ұшып келген 240 жолаушыдан коронавирус инфекциясы табылмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, 26 қазан - 1 қараша аралығында «Ыстанбұл-Атырау», «Амстердам-Атырау» бағытымен 3 халықаралық авиарейс ұшып келген.

«Халықаралық әуе рейстерімен 240 жолаушы келді. Олардың арасында 4 жолаушыда коронавирус инфекциясына ПТР-тест анықтамасы болмады. Сондықтан, олар карантиндік стационарларға жатқызылды. Алайда, барлық жолаушыдан коронавирус инфекциясына сынама алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Зерттеу нәтижесінде жолаушылардың ешбірінен қауіпті инфекция табылған жоқ. Сол себептен, жолашылар үйлеріне жіберілген.


Соңғы жаңалықтар