Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті мен Қоғамдық бақылау тобы гуманитарлық көмек түрінде келген жүкті қабылдап алу, жүкті түсіру, санау жұмыстарына тікелей қатысты. Енді оның медициналық ұйымдарға бөлінуін бақылайтын болады.

Қытайдан Атырауға 47 990 медициналық тауар жеткізді. Оның ішінде 1 600 медициналық қорғаныш комбинезоны, 3 700 қорғаныш көзілдірігі, 8 200 бір реттік қолғап, 50 сенсор термометр, 5 700 медициналық және 29 040 хирургиялық маска бар.

​ұл тауарлар Геолог емханасында орналасқан Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жіберілді.

Еске сала кетелік, Атырау облысында карантин күшейтілген еді.



Соңғы жаңалықтар