Атырауға дәрі-дәрмектердің 430 түрі шұғыл жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, Атырауда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына дәрілік заттар жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір облыста 314 дәріхана бар. Оның 223-і облыс орталығында орналасқан. Соңғы аптадағы дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесін шешу үшін «СК-Фармация» арқылы стационарларға және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бірқатар медициналық препараттар әкелінуде.

«Менің тапсырмама сәйкес, қалалық әкімдіктің көмегімен облысқа 220 миллион теңгені құрайтын дәрі-дәрмектердің 430 түрі шұғыл жеткізілді. Оның арасында қазіргі кезде ең қажетті деген азитромицин, цефазолин, цефтриаксон сынды антибиотиктер мен ыстықты түсіретін дәрілер мен дәрумендер бар. Бұл препараттар партиясы облыс халқының қажеттілігін қамтамасыз етеді. Дәрі-дәрмектер қаладағы және аудандардағы дәріханаларға түгел таратылып берілді. Апта соңында тағы осындай көлемде дәрі-дәрмектер жеткізіліп, қажетті дәрілердің белгілі деңгейде қоры болады. Cондай-ақ, кәсіпкерлерді тарта отырып алдырғалы отырған препараттарды әлеуметтік жағдайы төмен топтарға емханалар арқылы таратуды да ойластырып отырмыз», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейтінін жазып едік.



Соңғы жаңалықтар