Атырауға 26 оттегі концентраторы жеткізілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауға Алматыдан 26 оттегі концентраторы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін 18 шілдеде «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы арқылы Атырауға 7 оттегі концентраторы әкелінген еді. Оның үшеуі Жылыой аудандық орталық ауруханасына, екеуі облыстық ауруханаға, кардиологиялық орталық пен Исатай аудандық ауруханасына бір концентратор берілді. Ал, бұл жолы жеткізілген 26 оттегі концентраторы аудандық және қалалық емдеу мекемелеріне таратылады. Атырауға тағы да осындай 139 аппарат жеткізіледі деп күтіліп отыр» -дейді «Атамекен» ҰКП Атырау өңірлік палатасының сарапшысы Еркебұлан Бәделов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау әкімдігі өз бағасынан 4 млн теңгеге қымбат өкпе аппаратын алудан бас тартқан еді.


Соңғы жаңалықтар