Атыраудың оң жағалауында екі күн газ болмайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының жартысы екі күн бойы газдан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалы 30 қыркүйек және 1 қазан күндері Жайық өзенінің оң жағалауына газ берілмейтінін ескертеді. Жылыту маусымы алдында газ желілерін тексеру жұмысын жүргізу үшін газды уақытша өшіруге тура келіп тұр» делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністік танытып, қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар