+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Атыраудың екі тұрғыны 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған

2021 жылғы 24 ақпан 21:52
Бөлісіңіз:
Атыраудың екі тұрғыны 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында екі жігіт 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мешіттегі садақа жәшігін тонаған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды Елордада бірнеше қонақ үйде ұрлық жасаған күдікті ұсталды Астаналық тұрғын СҚО-да қаруы бар көлікті айдап әкеткен

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны «Нұрсая» шағын ауданындағы үйлердің біріне ұры түскені туралы хабар берген.

«Полиция қызметкерлері тұрғын үйдің есігін бұзып кірген ұрылар 14 дана жылыту батареясын, 1 дана перфораторы мен 250 метрлік кабельді қол еткенін анықтады. Тәртіп сақшылары аталған ұрлыққа қатысы бар екі күдіктіні видеокамераның көмегімен бір күнде ұстады. Күдіктілер – Атырау қаласының 32 және 31 жастағы тұрғындары. Ұрылар жәбірленуші азаматқа 477 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірген» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған ұрлық дерегімен ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 9 ірі қараны ұрлаған қылмыстық топ ұсталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT