Атыраудың ауасында күкіртті сутек мөлшері 200 есеге артты деген ақпарат дәйексіз - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда күкіртті сутектің шекті мөлшері 200 есеге артты деген ақпарат дәйексіз. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша, Атырау облыстық экология департаменті мен «Қазгидромет» РМК бөлімшесі күкіртті сутекпен ластану көзін анықтауда объективті бағалауды қалыптастыру үшін күн сайын ауаны тексеріп отырады.

Бақылаудың нәтижесіне сәйкес ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев пен Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев кездеседі, онда Атырау обылысы мен қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға қатысты шаралар айқындалады.
null  

2018 жылдың 9-нан 10 сәуірге қараған түні Атырау облыстық экология департаменті, «Қазгидромет» РМК бөлімшесі жұртшылық өкілдерімен бірлесіп, Атырау қаласының сыртындағы тоғандар қоймасы аумағында («Квадрат», солтүстік-батыс) ауаны ластаушы заттар концентрациясын жеке-жеке тексерді.

Бірнеше шағын газ анализдаушы көмегімен ауаны тексеру кезінде су көздері маңында күкіртті сутек мөлшері барлық құрылғыда бір деңгейде анықталды.

nullЭкология департаментінің құрылғысы 1,5 мг/м³, Қазгидромет құрылғысы  2,01 мг/м³, А. Хайруллин құрылғысы  2,37 мг/м³ күкіртті сутекті анықтады.

«Қазгидромет» РМК бөлімшесінің директоры С.Төленованың айтуынша, күкіртті сутекті өлшеу тікелей ластану көздерінде жасалған.

«Ережеге сәйкес, өлшеу санитарлық-қорғау және қоныстану аймағы шекарасынде жүргізілу қажет. Атырау қаласында мұндай жағдай тіркелмеді. Атырауда күкіртті сутек бойынша Шекті рұқсат етілген концентрацияның (РШК) 200 есеге артуы тіркелді деген ақпарат дәйексіз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар