+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Атыраудан Шымкентке жолаушы тасымалдаған «плацкарт» автобус ұсталды

2020 жылғы 5 желтоқсан 01:15
Бөлісіңіз:
Атыраудан Шымкентке жолаушы тасымалдаған «плацкарт» автобус ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда полиция полиция қызметкерлері «плацкарт» автобусты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда жол ақысын төлеу жүйесі жаңа қызмет көрсетушілерге беріледі Талдықорғанда 10 қаңтар күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды Оралда сайлау күні автобустар тегін жүреді

Атырауда «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған іс-шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері кеше, 4 желтоқсанда қаладағы «Береке» шағын ауданында «Vanffool» маркалы автобусты тоқтатқан.

«Атырау-Шымкент» маршрутындағы автобустың салонын тексеру кезінде көлік құралы «плацкартқа» айналғаны белгілі болды. Салонда жолаушы креслосының орнына қапталған екі қабатты 28 кереует орнатылған. Онда ұйықтап жатқан 17 жолаушы анықталды. Түркістан облысында тұратын автобус жүргізушілерінің айтуынша, «плацкарт» көлік Шымкент қаласына бағыт алған» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушілердің біріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 590-бабының 5,7 және 8-бөліктері, 571-бабының 2-бөлігі, 572-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Автобус арнайы тұраққа қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудан Шымкентке жолаушы апармақ болған 2 автобустың жүргізушісі ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT