Атыраудан бірқатар бағытқа қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы автобекеттен ауданаралық, қалааралық, халықаралық бағытқа қатынайтын автобустар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау автобекетінің директоры Вадим Синкеевичтің айтуынша, осы кезге дейін 6 бағытқа 14 рейс қатынаған. Енді Атырау-Астрахан, Атырау-Бейнеу, Атырау-Орал, Атырау-Мақат, Атырау-Индер, Атырау-Құлсары бағытына жолаушы тасымалдайтын автобустардың жүрісі тоқтатылды. Соңғы рейс 28 наурызда Атыраудан Мақатқа ғана жүрген.

«Автобустардың сыйымдылығы –50 адам. Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін жолаушылар саны 2-3 адамнан аспады» -дейді Вадим Синкеевич.


Соңғы жаңалықтар