Атыраудағы жарылыс: денесін күйік шалған 4 адам ауруханаға түсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін Атырауда газ құю стансасында орын алған жарылыстың мән-жайы белгілі болды. Өртке ұласқан жарылыстан күйік алған 4 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау қаласында таңертеңгі сағат 8:42-де «ПромГаз» ЖШС-нің Атамбаев көшесінде орналасқан газ стансасы аумағында жарылыс орын алды. Оған газ құю кезінде газдың шығуы себеп болған. Сол сәтте «Форд» маркалы автоцистерналы көліктің кабинасы жалынға оранды. Жарылыс кезінде 60-70 метр қашықта тұрған ғимарат қирады» -деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жарылыстан күйік шалған 4 адам ауруханаға жеткізілген. Олар –Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі мен өрт сөндіруші, сондай-ақ газ тасушы көліктің жүргізуші және жанар-жағар май құюшы.

«Өрт сағат 9:58-де толықтай сөндірілді. Тілсіз жауды ауыыздықтауға Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды», -деді баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Атырауда газ құю стансасында жарылыс болғанын хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар