Атыраудағы перинаталдық орталыққа қатысты іс әлі тергеліп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атыраудағы сәби өлімі туралы атышулы оқиғаның жаңа фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бірінші депаратментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

«Атыраудағы перинаталды орталықтың басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс әлі тергеуде жатыр. Қосымша фактілер мен эпизодтар пайда болды. Қазіргі уақытта біз оқиғаның қалай болғанын толыққанды материал етіп әзірлеп жатырмыз. Сыбайлас жемқорлық фактілерінің денсаулық сақтау саласына қалай әсер ететіні, өлім-жітім оқиғалары туралы айтылады. Келесі аптада егжей-тегжейлі баяндаймыз», - деді Д. Бекайдаров агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа туған сәбидің өліміне, сондай-ақ, жемқорлық қылмыстар бойынша күдікті Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігеріне қатысты істің мән-жайын баяндады.

Атырау облысына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары келді. Олар облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, перинаталдық орталықтың 31 қызметкері жұмыстан кету туралы өтініш жазғаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар