+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атыраудағы мектептерде 20 STEM-зертхана ашылады

2019 жылғы 7 желтоқсан 19:23
Бөлісіңіз:
Атыраудағы мектептерде 20 STEM-зертхана ашылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өткен Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында Жастар жылы аясында аймақта атқарылған іс-шаралар баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңес отырысына Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, жас депутаттар, кеңес мүшелері, жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері мен жастар ресурстық орталықтары басшылары қатысты.

«Жастар жылына орай жасалған көмектің бірі – тегін білім гранттарының көбеюі. Биыл елімізде мектеп бітірген әрбір екінші түлек жоғары оқу орнына грантпен оқуға түсті. Бұл орайда, 232 атыраулық түлек облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың білім беру грантына ие болды. Жастарды баспанамен қамту жұмыстары да өз кезегімен жүріп жатыр. Барлық атқарылып жатырған жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады», - деді Серік Шапкенов.

Атырау облысында 14-29 жас аралығындағы жастар санатына кіретін 145 мыңнан астам тұрғын бар. Биыл өңір жастарының мәселелеріне байланысты барлық мәліметтер терең зерделеніп, облыс жастарының дамуына және дамытуға жағдай жасау мақсатында Атырау облысы жастарын қолдаудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды. 41 индикатор мен 67 іс-шараны қамтитын Жол картасы әр санатттағы жастардың көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған.

Отырыс барысында Атырау облыстық Жастар саясаты басқармасының басшысы Роллан Құспан аталған бағдарлама аясында жүзеге асырылған жобалар мен басқа да атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Бүгінгі таңда облыс мектептерінде STEM форматындағы (ғылыми, техникалық, инженерлік, математикалық зертхана) 20 зертхана кабинетін ашу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, олардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр. Оған қоса, облыс мектептері жанынан 57 робототехника кабинеті ашылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Generation Unlimited» атты жаҺандық бастамасы аясында жастардың оқуы мен жұмысқа тұруы үшін қажетті өмірлік маңызды дағдылар мен машықтарды меңгеруіне бағытталған «Самғау» жобасы жүзеге асырылды. Биыл облыстың 6 ауданында «Жастар ресурстық орталығы» арнайы ғимаратпен қамтамасыз етілді», - деді Роллан Құспан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Абай Абылайұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT