Атыраудағы қайғылы оқиға: Марқұмдардың отбасына материалдық, психологиялық көмек көрсетілуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қайғылы жағдайға душар болған отбасына материалдық, жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайырлы күн құрметті жерлестер!

Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылында қайғылы жағдай болды. Бір үйден екі ер адам, бір әйел адам мен кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың денесі табылды. Сала мамандары көмірқышқыл газынан уланған деп болжап отыр.

Оқиға орнына шұғыл жеткен әкімдік пен төтенше жағдай сондай-ақ полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады.

Қайтыс болғандардың отбасына және туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасына материалдық, жақындарына қажетті психологиялық көмек көрсетілуде.

Барша облыс тұрғындарының қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуын сұраймын.

Сонымен қатар, қала және аудандар мен барлық ауылдық елді мекен әкімдеріне Төтенше жағдай департаментімен бірлесе отырып қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды»,-делінген әкімнің жазбасында.




Соңғы жаңалықтар