Атыраудағы кардиоорталықта 600-ден астам коронавирус жұқтырған науқас емделді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атыраудағы кардиоорталықта 600-ден астам коронавирус жұқтырған науқас емделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық кардиоорталық директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиеваның мәліметінше, қауіпті індет өршіген кезде кардиоорталықта 12 орындық провизорлық стационар жұмыс істеген.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар көбейген маусым айында жұмысымызды эпидемиологиялық жағдайға негіздеп, дәрігерлер құрамы түгелдей жұмылдырылды. Бүгінге дейін короновирус жұқтырған 600-ден астам науқасты емдеп шығардық» -деді облыстық кардиорталық директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиева.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Құлсарыда коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне оралды.



Соңғы жаңалықтар