Атыраудағы дүкенде электрошокер заңсыз сатылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау полицейлері заңсыз электр қаруды сатқан дүкенді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ғаламторда жарияланған жарнамаларға талдау жүргізілген.

«Әкімшілік полиция басқармасының Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы ғаламтордағы жарнамаларды талдау кезінде Атырау қаласында орналасқан аңшылар мен балықшылар дүкенінде электрошокерді заңсыз сату дерегін анықтады. Заңсыз сатылымнан 20 электрошокер тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір заңды тұлғаны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 29 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы қару сатпақ болған.


Соңғы жаңалықтар