Атыраудағы бокс кеші: Абылайхан Жүсіпов алғаш рет профи-рингке шығады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Suleimen Promotion» компаниясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.


«Suleimen Promotion» компаниясы Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен кәсіпқой бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр. Осы орайда, компания өкілдері облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті.
«Кеш барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, көрермендерсіз өткізіледі. Еліміздің жетекші арналарынан тікелей көрсетіледі. Басты жекпе-жекте әлемдік рейтингіде үздік 15-тікке енген екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы өзінің чемпиондық белдіктерін қорғайтын болады, - дейді компанияның атқарушы директоры Танат Нуршин.
Бокс кешінде барлығы 5 жекпе-жек өтеді.

«Алдағы уақытта оның барлық талаптарға сай ұйымдастырылуы талқыланып, нақты уақыты қосымша хабарланады», - деді промоутерлік компаниядан.
Андеркартта Бек Нұрмағамбетов, Евгений Павлов, Данила Семенов және ҚР Олимпиада комитетінің рұқсатымен Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетеді.

Айта кетейік, А.Жүсіпов Қазақстан құрамасының белді мүшесі. Бұған дейін ол 69 келіге дейінгі салмақта Олимпиадаға лицензия ұтып алған болатын. Атыраудағы бокс кешінде профи-бокстағы дебюттік айқасын өткізеді.

Айта кету керек, «Suleimen Promotion» Атырау облысында Ибрагим Шияпұлының бастамасымен негізі қаланған. Қазіргі таңда еліміздегі ең ірі бокс промоутерлік команиясы болып табылады. Компания осыған дейін Беларусь, Ресей, Аустралия секілді мемлекеттерде және Алматы қаласында үлкен бокс кештерін ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар