Атыраудағы №3 емхана қашықтан жұмыс істеуге көшті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласындағы №3 емхана қашықтан жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұған бесінші науқастың осы емханада жұмыс істегені себеп болған. Медбике 17 наурызда «Алматы-Атырау» бағытымен келген қыздан қан сынамасын алған. Бүгін жергілікті тұрғында коронавирус инфекциясының оң нәтижесі расталды.

«Коронавирус жұқтырған науқаспен 27 байланысушының бар екендігі белгілі болды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылды» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес, №3 қалалық емхана 30 наурыз, дүйсенбіден бастап қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Медициналық мекемеге жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмек.


фото: atpress.kz
Соңғы жаңалықтар