Атырауда жылқышының өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жылқышының өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін полиция қызметкерлері Жылыой ауданында жылқысын іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен жылқышының өлі денесін терең шұңқырдан тапқан еді. Аталған дерекке қатысты бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталған болатын.

«Күдіктіге қатысты жүргізілген тексеру кезінде 16-шы калибрлі мылтық тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлерінің арнайы жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тағы бір күдікті анықталып, 1967 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Жедел-тергеу жұмыстары жалғасуда» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен жылқышының денесі терең шұңқырдан табылған еді. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жылыой ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды .



Соңғы жаңалықтар