Атырауда жыл басынан бері 42 адам жемқорлық бойынша сотталған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда биылғы 10 айда 59 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың мәліметінше, жыл басынан бері 42 адам сотталған.

«Биылғы 10 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 59 құқық бұзушылық тіркелді. Ал, өткен жылы осындай 92 дерек анықталған еді. Жыл басынан бері 42 адам сотталды. Оның

ішінде 6 мемлекеттік органдардың бірінші басшысы бар. Қазынаға 552 млн теңге қайтарылды. Сыбайлас жемқорлық құқық қорғау саласында (18 дерек), әкімдіктер (13 дерек) пен салық органдарында (11 дерек) жиі анықталады» -дейді Айдос Мамыт.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен облыстық білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарлары 7 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар