Атырауда жоғары кернеулі электр желісіне соғылған жүк көлігі өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғары кернеулі электр желісіне соғылған «КамАЗ» өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 14 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында болған.

«Атырау қаласының «Береке» ықшамауданындағы «Шығыс» базарының маңында «КамАЗ» көлігі 10 мың вольттық электр желісіне соғылған. Жүргізуші жүкті түсіру үшін көліктің темір қорабын көтерген. Сол кезде қорап бағандар арасына тартылған электр сымына тиген. Көліктің артқы дөңгелегі мен қуат беру жүйесі өртенді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің қызметінің 4 қызметкері мен 1 арнаулы техникасы жетті. Жарты сағаттан кейін өрт толығымен сөндірілді. Өрттен ешкім зардап шекпеген.


Соңғы жаңалықтар