Атырауда жоғалған шопан 6 күннен бері табылмай жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 6 күннен бері жоғалған шопанды таппай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 наурызда Исатай ауданындағы шаруа қожалығының шопаны жоғалып кеткен.

«Фермерлердің айтуынша, 10 наурызда екі шопан отарды өріске шығарған. Оның бірі – 60 жастағы азамат жаңа туған қозыны влфп, түйемен қыстауға беттеген. Ал, екінші шопан кешке отарды қыстаққа әкелген. Жоғалған шопанды іздеу сол күні, 10 наурызда басталды. Оған аудандық төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алайда, әзірге іздестіру жұмысынан нәтиже шыққан жоқ. Соған байланысты бүгін, 16 наурызда «Қазавиақұтқару» РМК Атырау филиалының МИ-8 тікұшағы тартылды.

«Бес сағатқа жуық әуеден іздестіру жүргізілді. Тікұшақпен Исатай, сондай-ақ көршілес Махамбет және Индер аудандарының Батыс Қазақстан облысының аумақтық шекарасына дейінгі шалғай учаскелер зерттелді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шалғайда қараусыз қалған қыстауларды да тексерді» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір жол талғамайтын «Трэкол» және өзге де көліктермен 4 төтеншелік, 10 полицей, сондай-ақ жоғалған малшы жұмыс істеген шаруа қожалығының 2 қызметкері жұмылдырылған іздестіру жұмысы жалғасуда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жұмысына кеткен ер адам іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар