Атырауда жоғалған екі баланың біреуінің мәйіті табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғалған балалардың біреуінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жастағы екі баланы іздеу жұмыстары түнде құрғақта, таңертеңнен бері суда жүргізілді.

Іздеу жұмыстарына 36 адам мен 6 дана техника жұмылдырылған. Балалардың бірінің денесі Редуть ауылының маңындағы каналдардың бірінен табылды. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасуда.

Осыған дейін Атырауда екі баланың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.


Автор: А. Соколов



Соңғы жаңалықтар