+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Атырауда жоғалған 1,5 жастағы бүлдіршінді іздеуге 50 волонтер жұмылдырылды

2020 жылғы 20 мамыр 23:10
Бөлісіңіз:
Атырауда жоғалған 1,5 жастағы бүлдіршінді іздеуге 50 волонтер жұмылдырылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғалған 1,5 жастағы балақайды іздеуге 50 волонтер жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін түс кезінде «Жұлдыз» шағынауданында тұратын отбасының 1,5 жастағы баласы жоғалып кетті. Ол әлі табылған жоқ. Баланы Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіріп жатыр.

«Енді іздестіру жұмысына волонтерлар штабынан, Азаматтық орталық пен «Қызыл жарты ай» бірлестігінен 50 волонтер қосылды. Бүлдіршін табылмайынша, іздестіру жұмыстарын тоқтатпайыз» -деп хабарлады қоғамдық белсенді Олжас Сұлтанов.

Оның айтуынша, 1,5 жастағы бүлдіршіннің ата-анасы тұратын үйдің айналасы қоршалмаған. Бұл баланың көшеге кедергісіз шығып кетуіне себеп болуы мүмкін.

Еске сала кетелік, бұған дейін 1,5 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлаған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT