+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Атырауда Жеңіс күні қарсаңында екі соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден берілді

2021 жылғы 6 мамыр 21:33
Бөлісіңіз:
Атырауда Жеңіс күні қарсаңында екі соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден берілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Жеңіс күні қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың екі ардагеріне 1 млн теңгеден берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды Атырауда жазушы Рақымжан Отарбаевқа арналған кітап таныстырылды

Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мұхамбетовтің мәліметінше, қазір Атырауда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 2 майдангер қалған. Оның бірі – биыл 100 жасқа толатын Айдын Айбаров, екінші майдангер Закария Сұлтановтың жасы – 96-да. Сондай-ақ, соғыс жылдарында концлагерь тұтқынында болған бір адам бар. Ал, тылда еңбек еткендердің саны – 1 919 адам.

«Атырау қаласында тұратын 2 майдангерге 1 млн теңгеден қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагер тұтқыны санатына жататын бір адамға 1 млн теңгенің қолдауы көрсетілді. Ал, жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккері санатындағы 45 адам 100 мың теңгеден біржолғы ақшалай көмек алды. Соғыс жылдарында жұмыс істеп, алайда, наградталмаған тыл еңбеккерлерінің тағы бір тобына – 1 874 адамға 30 мың теңгеден қаржылай көмек беріліп отыр», - деп хабарлады облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, сондай-ақ, әлеуметтік қорғалатын санатқа жататын 372 адамға 100 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем берілген. Оның ішінде Ауған соғысына, Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға, Тәжік-Ауған (315 адам) аумағындағы соғыс қимылдарына, Ирактағы (5 адам) халықаралық бітімгершілік операцияларға, Таулы Қарабақтағы (52 адам) этносаралық жанжалды реттеуге қатысқандар бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT