Атырауда жеңіл көлік Жайыққа батып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тағы бір жеңіл көлік Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 17 наурызда Алмалы ауылының тұсында болған.

«Кешкі мезгілде «ВАЗ 2115» маркалы көлігінің жүргізушісі Алмалы ауылының тұсынан Жайық өзені арқылы Бесікті елді мекеніне өтпек болған. Алайда, өзен мұзы ойылып, көлік суға батып кеткен. Оқиға орнына жедел құтқару жасағының 7 сүңгуір құтқарушысы жетті. Олар 16 метр тереңдікке батқан көлікке арқанды бекітті. Содан соң су астындағы көлік жүк тиегіш трактормен жағаға шығарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жеңіл көлік Жайыққа батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар