Атырауда жеке үйге жапсарлас салынған 3 нысан өртенді
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, «112» кезекші қызметінің Call-орталығына 30 сәуірде сағат 12:57-де Атырау қаласының «Самал» шағын ауданындағы №7 көшеде орналасқан үйдің аумағы жанып жатқаны хабарланған.
«Департаменттің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, үйге жалғанып салынған жалпы ауданы 180 шаршы метр 2 гараж пен уақытша үйдің толықтай өртенгенін анықтады. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 22 қызметкер мен 7 техника, «Атырау жарық» АҚ-нан 2 қызметкер, 1 техника, «104» қызметінен 2 қызметкер, 1 техника, жедел жәрдем қызметінен 2 қызметкер, 1 техника, полиция департаментінен 6 қызметкер, 3 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, арнайы қызметтің қызметкерлері өрттің сол маңдағы 3 үйге таралуына жол берген жоқ.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда коттедж өртенді.