Атырауда жеке үйден үш адамның денесі табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үш адамның өліміне қатысты іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, қала маңындағы жаңа аудан – «Жұлдыздағы» жеке үйлердің бірінен үш адамның денесі табылған. Ажал құшқан үшеудің екеуі — ер адам, біреуі — әйел. Олар газдан улануы мүмкін деген күдікпен сараптама жүргізіліп жатыр.

Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу де жүргізіліп жатыр. Адамдардың неден өлгені анықталғаннан кейін ғана қылмыстық іс қозғау-қозғамау туралы шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар