Атырауда Жайыққа батқан 16 жасар қыз құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайыққа батқан 16 жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиғаның кеше, 2 маусымда кешкі сағат 17:30 шамасында болғанын растады.

Атырау қаласындағы орта мектептердің бірінде 9-сыныпта оқитын қызды «Балықшы» шағынауданында жергілікті екі ер адам құтқарып қалды.

«Оқушы қыз ағыспен Жайық өзенінің ортасына дейін ағып кеткен. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқушы қызды ата-анасына тапсырып, қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.




Соңғы жаңалықтар