Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық жағасынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 қазанда Жайық өзенінің жағасында белгісіз адамның жатқаны туралы хабар түскен.

«Кеше, 23 қазанда сағат 08:04 шамасында Балықшы шағын ауданы мен Жұмыскер елді мекенін жалғайтын көпірдің астанда өзен жағасында белгісіз адамның денесі табылды. Өлі күйінде табылған 1968 жылғы әйел екені анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылғанын https://kaz.inform.kz/news/atyrauda-zhogalyp-ketken-er-adam-oli-tabyldy_a3851043 хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар