Атырауда Жайық жағалауындағы қоршауды қиратқан жүргізушіге айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзенінің жағалауындағы қоршауды қиратқан жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда Жайық жағалауындағы қоршауды қиратқан жүргізуші іздестіріліп

жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазанда сағат 04:30

шамасында «Hоnda Odyssey» көлігі Жайық өзені жағалауындағы жаяу жүргіншілерге арналған тротуардан табылған.

«Жүргізуші жол қауіпсіздігін сақтамай, қалалық әкімдік ғимаратының тұсында жағалаудағы темір қоршауға соқтығысқан. Көлігін сол жерде қалдырып, оқиға орнынан кетіп калған. Полиция қызметкерлері іздестіру іс-шарасын жүргізіп, Маңғыстау облысының 26 жастағы тұрғынын анықтады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 230- бабының 2-бөлігімен (сақтандыру полиссiз көліктi жүргізгенi үшін) 29 170 теңге, 596-бабының 1-бөлігімен (жаяу жүргіншілерге арналған тротуар үстінде көлікті жүргізгені үшін) 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 610-бабының 1-бөлігімен «жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін), 611-бабының 2-бөлігімен (жол-көлік оқиғасын жасап, iшкi iстер органдарына хабарламай, оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін) толтырылған әкімшілік хаттамалар сотқа жолданды.


Соңғы жаңалықтар