Атырауда Жайық өзенінің жағалауы өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық жағалауындағы қамыс пен тоғай өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін өрт Атырау қаласындағы «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданында Жайық өзенінің жағалауында болған.

Өзен жағалауында өсіп тұрған қамыс пен қарағаш бұталары өртенген.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеді.

Арнайы қызметтің өкілдері жалынның тұрғын үйлерге тарауына жол берген жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда иелері үйде болмаған кезде пәтер өртеніп кеткен еді.

Сондай-ақ бүгін Атырауда кәсіпорынның 23 жұмысшысы түскі астан уланды. Олар №2 облыстық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.



Автор: Бек Мұстафа


Соңғы жаңалықтар