Атырауда жануарларды қамқорлыққа алу үшін қаржы жиналып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Өмір сүруге құқылы» атты қоғамдық топтың еріктілері жануарларды қамқорлыққа алуға қажетті қаржы іздестіріп жатыр. Қаржы жинау акциясы Facebook, Vkontakte және Instagram сияқты әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада қайырымды жандардың қаржысының арқасында жұмыс істеп тұрған жануарларға арналған «шағын баспана» бар. Алайда бұл аз. Біз көшеде қаңғырып қалған, қараусыз жүрген үй жануарларының тағдырына немқұрайлы қарай алмаймыз. Олардың бірін біз өзіміз алып келдік, тағы бірін ветеринар мамандар алуға кеңес берді»,-деді еріктілер.

«Қазақстанның көптеген қалаларында қаңғыбас жануарлар үшін арнайы орындар ұйымдастырылған. Жер сатып алып, арнайы ғимарат салу үшін қаржы жинап, осындай орынды біз Атырауда да ұйымдастырғымыз келеді»,-деп түсіндірді өздерінің әрекеттерін еріктілер.

«Сіздердің аздаған қаржы арқылы қолдауларыңыз біздің «үйіміздің» тұрғындары үшін үлкен демеу. Оларға қанша мөлшерде болса да көмек аздық етпейді»,-деген оймен «Өмір сүруге құқылы» тобының белсенділері қалың көпшілікті игі іске үлес қосуға шақырып отыр

Соңғы жаңалықтар