Атырауда жанармай бекетіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Аытраудағы С.Датов көшесінде орналасқан жанармай бекетіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ПД сілтеме жасап.

Оқиға 9 қаңтар күні таңғы 05.40 шамасында болған. Жанармай бекетiне басып кiрген белгісіз екеу күш қолдану арқылы күзетшi мен кассирдi қорқытып, жалпы сомасы 268 мың теңгені алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Қылмыс ізі суымай ашылды. Оқиғаға қатысты 1994 және 1995 жылдары туған екі күдікті азамат ұсталып, олардан ақша, басқа да айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 152- бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.




Соңғы жаңалықтар