Атырауда жаңадан ашылатын баққа 750 жеміс ағашы отырғызылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласындағы Жеңіс саябағы аумағында жаңа бақ ашу жоспарлануда. Онда 750 түп жеміс ағашы егілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көшеттерді отырғызуды орындайтын «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС-нің басшысы Владимир Розметовтің айтуынша, жаңа бақ Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің ұсынысымен ашылғалы отыр. Онда тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Осыған орай Атырау қалалық әкімдігі Жеңіс саябағынан 0,5 гектар жер учаскесін бөлген.

«Жеңіс саябағы аумағында өсірілетін жеміс ағаштарының арасында алма мен өріктің, шиенің бірнеше түрі бар. Көшет отырғызудан бастап алғашқы жемісін бергенге дейінгі үш жылда атқарылатын жұмыстарды өз міндетімізге алып отырмыз. Содан соң тиісті мекеменің теңгеріміне беріледі» - дейді фермер Владимир Розметов.


Соңғы жаңалықтар