Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі тұрғын сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде облыс орталығында орналасқан «Э-БК» ЖШС букмекерлік кеңсесі түрінде ұйымдастырылған заңсыз ойын бизнесінің жолы кесілді.
Ойынхана ғимаратын тексеру барысында 17 процессор, 16 монитор, 32 теледидар, чектерді басып шығаруға арналған 14 термопринтер және жалпы сомасы 1,2 млн. теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленді.
Атырау қалалық №2 сотының үкімімен екі қала тұрғыны ҚР ҚК 28-бабы 5-тармағы, 307-бабы, 2-тармағы, 3-бабы бойынша қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсы 4 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Тәркіленіп алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.
- Коронавирус: Атырауда науқастардың жағдайын Call-орталықтан білуге болады
- Ақтөбеде үйіне оралмаған бойжеткен жалдамалы пәтерден табылды
- Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды
- Ақмола облысында 2 адам өрттен көз жұмды
-
Теңіз кенішіндегі 4 мың қызметкер вакцина алды
-
Оралда 3 көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам