Атырауда заңсыз айналымнан 5 мыңнан астам психотроптық дәрі тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда заңсыз айналымнан 5 мыңнан астам психотроптық дәрі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, «Дәрмек» іс-шарасы кезінде психотроптық дәрілерді заңсыз сатудың 3 дерегі тіркелген.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналасы саласындағы қағидаларын бұзу) 3 адамды ұстады. Мәселен, Атырау қаласында 49 жастағы әйел қала аумағында 2900 дана трамадол, 76 дана трапикамид, 37 жастағы әйел 1900 дана трамадол, 36 дана трапикамид, ал, 1997 жылғы бойжеткен 500 дана трамадол, 50 трапикамид дәрі-дәрмектерін заңсыз сату кезінде ұсталды. Оларға қатысты толтырылған әкімшілік іс-құжаттар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды», -дейді Нұрхат Оразбаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда синтетикалық есірткі сақтаған 46 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар