Атырауда ыстық су беру екі күнге тоқтатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында ыстық су беру екі күнге тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Атырау жылу желілері» АҚ ақпарат таратқан ақпаратқа сүйенсек, 20-21 сәуір аралығында магистральдық жылу желілерінің гидравликалық беріктігі мен тығыздығына сынау жүргізіледі. Осыған байланысты бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылады.

«Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сынақ кезеңінде жылу трассасының құбырларына 10 метрге дейін қашықта жақындамауды сұраймыз. Құбыр бойында олқылықтар пайда болған жағдайда жедел хабарлауды сұраймыз», - делінген кәсіпорын таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар