Атырауда велосипед ұрлаған жігітке қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бірнеше велосипед ұрлаған 26 жастағы жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 12-16 шілдеде «Велосипед» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен.

«Іс-шара кезінде Атырау қалалық полиция басқармасы №1 полиция бөлімінің жедел уәкілдері көпқабатты үйлердің кіреберісінен бірнеше мәрте велосипед ұрлаған 26 жастағы жігітті ұстады. Күдіктіден айғақ заттар тәркіленіп, 11 қылмыстық іс тіркелді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір 26 жастағы жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі, 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қоғамдық орында төбелескен үш жігіт жазаланғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар