Атырауда вакцина салдыру кезінде дәрігерлерге дөрекілік көрсеткен шетелдікке айыппұл салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда дәрігерлерге дөрекілік көрсеткен, вакцинаның жағымсыз әсері туралы жала жапқан шетелдікке айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда шетелдік дәрігерлерге дөрекілік көрсеткені анықталып, № 3 қалалық емхананың әкімшілігі вакциналау бекетінің медқызметкерлерін қорлағаны үшін, сондай-ақ, вакцинаның жағымсыз әсері туралы жала жапқаны үшін полицияға арыз жазған еді.

Атырауда мамандандырылған әкімшілік сотында «Дина» базарында жүк тиеуші болып жұмыс істейтін Өзбекстан Республикасының 24 жастағы азаматына қатысты іс қаралды.

«Сот ісіне сотталушы мен дәрігер қатысты. Сотталушы өз кінәсін мойындап, дәрігерден кешірім сұрады. Сот Өзбекстан Республикасының азаматын ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танып, 10 210 теңге айыппұл салды. Шетелдікке жұмыс беруші – сауда дүңгіршегінің иесіне де айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар