Атырауда вакцина салдырғандар саны 65 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 65 мың адамнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен демалыс күндері – 12-13 маусымда 928 тұрғын «Спутник V», Qazvac және Hayat-Vax вакциналарының I компонентін салдырған.

«Биылғы 1 ақпан мен 13 маусым аралығында өңірдің 65 582 тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін ектірді. Вакцинаның II компонентін 23 369 адам алды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір күнде 1103 тұрғын вакцина алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар