Атырауда үйдің қабырғасына жемқорлық тақырыбында карта салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда тұрғын үй қабырғасына сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған карта салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының суретшісі Мирас Жанғожиевтің айтуынша, карта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің парасаттылық, әділдік және сенім сияқты негізгі адами құндылықтарын қамтиды. Өйткені, парасаттылық идеологиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің тұжырымдамалық негізі болып айқындалған. Бұл кешенді ұғымға адалдық, әдептілік, заңдылық, сатылмаушылық, сенімділік, адамгершілік тұрғыдағы тұрақтылық жатады.

«Біздің академиядағы бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының оқытушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосып, әлеуметтік зұлымдықпен күресуді мақсат етіп отыр. Мұндай жобалар өте күрделі болғанымен, жұмыстың нәтижесін қала тұрғындарының оң пікірен байқаймыз», - дейді суретші Мирас Жанғожиев.

Оның айтуынша, бір сурет бір аптадан 10 күнге дейінгі мерзімде салынады. Суретті салу үшін бояу құйылған арнайы баллондар пайдаланылады.

«Баллондағы бояу ылғалға төзімді. Егер үйдің қабырғасы сапалы әрі сенімді болса, онда өте ұзақ сақталып тұрады. Бір суретті қабырғаға түсіру үшін бояу құйылған 100-ден астам баллон кетеді. Мұндай суреттерді алда да салуға тырысамыз», - дейді М.Жанғожиев.


Соңғы жаңалықтар