Атырауда үй карантинінде 1298 адам бар

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда үй карантинінде 1298 адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Облыстық ауруханадағы дертке шалдыққан әйел мен қызда аурудың жеңіл белгілері байқалады. Қазіргі уақытта облыстық аурухананың медбикесі мен емделушісі инфекциялық изоляторда ем алуда. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, жеңіл жөтел бар.

Бүгінде инфекциялық стационарда 18 науқас, провизорлық стационарда – 40 адам, карантиндік стационарда 151 науқас бар. Ал, үй карантиніне 1298 адам жатқызылған» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соңғы жаңалықтар