Атырауда ұсталған жеңіл жүрісті қыздардың көпшілігі Түркістан облысынан келген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жеңіл жүріске салынып, сексуалды сипатта қызмет көрсететін 11 бойжеткен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Учаскелік полиция инспекторлары «Учаске» жедел алдын алу шарасы кезінде жеңіл жүріске салынған 11 бойжеткенді анықтады. Олар Авангард ықшамауданында, Сәтпаев, Махамбет көшелерінде орналасқан көпқабатты үйлердің пәтерлерінде сексуалды сипаттағы қызметтерді көрсеткен. Оның алтауы – Түркістан облысынан келгендер. Ұсталған қыздарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 449 және 492-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, полиция органдарының есебіне алынды. Сонымен қатар, оларға пәтерін жалға берген азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 450-бабымен жазаланады» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау қаласында жыл басынан бері сексуалды сипатта қызмет көрсетумен айналысып, құқықбұзушылық жасаған 70 адам жауапкершілікке тартылған.


Соңғы жаңалықтар