+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырауда ұсталған медбике жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқан

2021 жылғы 31 шілде 20:20
Бөлісіңіз:
Атырауда ұсталған медбике жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқан

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ұсталған медбике жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда вакцина салдырғандар саны 900 мыңнан асты Қанша қазақстандық коронавирус вакцинасының толық компонентін алды Түркістан облысына Vero Cell вакцинасының 127 мың дозасы жеткізілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жалған вакцина паспортын жасаған медбике бүгін, 31 шілдеде ұсталған.

«Полицейлер облыстық әкімдік және прокуратура қызметкерлерімен бірге жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, 40 жастағы медбикені ұстады. Ол еgov.kz ақпараттық жүйесіне «Covid-19» инфекциясына қарсы вакцина алу туралы ақпарат нақты егілмеген адамдарға ақшалай сыйақы үшін енгізумен айналысқан. Күдікті жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алғанын мойындады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұсталған медбикеге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жалған вакцина паспортын жасаған медбике ұсталғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT