Атырауда үш мейрамханада дүркіретіп той жасағандар анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мобильді топтар шектеу шараларын бұзғандарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, мобильдік топтар жұма-жексенбі күндері сауда орталықтары мен тамақтану орындарында санитариялық талаптардың сақталуын, жеке тұлғалардың карантинді сақтауына бақылау жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтаған.

«Тексерушілер атап өткендей, «Ақжол», «Castle» және «Sultan Hall» мейрамханаларында үйлену және мерейтой өткізу фактісі тіркелді. Ал, «Мұрагер» сауда үйінде маска режимі сақталмайды. Мұнда термометрия жоқ болып шықты. Сәтпаев көшесіндегі «Фудзи» суши барында қызметкерлер маскасыз және қолғапсыз қызмет көрсетеді. «Бармаглот» барында 30-дан астам келуші сағат 22: 00-ден кейін де болған. Жұмыскер кентіндегі «Гүлдияс» дүкені сағат 23:00-ден кейін қызмет көрсетіп, режимді бұзған» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 70 отбасылық шара жасырын өткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар