Атырауда түрмеге трамадолды дезодорантқа жасырып өткізбек болған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түрмеге трамадолды дезодорантқа жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу изоляторында ұрлық жасағаны үшін қамауға алынған күдіктіге әкелген сәлемдемелерді тексеру кезінде дезодорант ішінен 377 трамодол дәрісі табылған.

«Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде заңсыз сәлемдеме иесіне жеткен жоқ. Тергеу изоляторына Атырау қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, сәлемдемені әкелген ер адам ұсталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір заңсыз сәлемдеме әкелген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 481-бабымен (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда велосипедпен есірткі тасымалдаған ер адам ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар