+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамауға алынды

2021 жылғы 18 қаңтар 08:51
Бөлісіңіз:
Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда түрмеге телефон лақтырғандар қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сотталушы Ақмола колониясына үш телефон мен есірткі өткізбек болды СҚО-да 52 жастағы ер адам бірге тұратын әйелді ұрып өлтірді Адам өлтірген күдікті қамауда – Алматы ПД басшысы

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған екі ер адам ұсталған.

«Олар Атырауға Маңғыстау облысынан арнайы келген. Тексеру кезінде олардан ұялы телефондар, интернет модем, құлаққаптар мен қуаттандырғыш табылды. 25 жастағы екі азаматтың бұрын сотталғаны белгілі болды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ұсталған азаматтар бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасаған. Сол кезде сот оларға ескерту берген. Ал, бұл жолы сот шешімімен екеуі де 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«УГ-157/9 мекемесінің аумағында «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылды. Түрменің маңына полиция қызметкерлері үнемі бақылау жүргізеді. Ал, тыйым салынған заттарды өткізуге ұмтылу секілді құқық бұзушылар қатаң жазаланатын болады», - дейді департамент бастығы Манарбек Ғабдуллин.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың тұрғыны түрмеге 4 телефон өткізбек болған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT