Атырауда тұрғындар мен көліктердің түнгі уақытта жүріп-тұруына тыйым салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда азаматтар мен көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, Атырау қаласында бағдарлардың жүру кестесі өзгерді.

Шұғыл қызмет пен стратегиялық нысан қызметкерлерін қоспағанда, тұрғындар мен көліктердің қозғалысына кешкі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынған. Ал, қаладағы қоғамдық көліктің барлығы кешеден бастап таңғы сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде жұмыс істейді.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тұрғындар қозғалысына енгізілген шектеу шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Азаматтар мен автокөлік қозғалысы бақылауға алынған. Шектеу шаралары орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен ірі көлемде айыппұл салынады» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұдан бұрын Атырауда карантиндік шектеу қайта күшейтілді.


Соңғы жаңалықтар