Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға 23 қаңтарда сағат 18:34-те Атырау қаласында болған.

«Авангард-2» шағын ауданында орналасқан №18 үйдің пәтерінің бірінде тұрмыстық газ жарылды. Алдын ала болжам бойынша, газ желісінде ақау болған. Екінші қабаттағы көршілес екі пәтердің арасындағы қабырға құлады. Газ жарылысынан 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ауруханаға түскен 3 адамға медициналық көмек көрсетілді. Кейін оның екеуі үйіне жіберілді. Ал оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.



Соңғы жаңалықтар