+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2020 жылғы 28 қараша 23:31
Бөлісіңіз:
Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай «Ұлт көшбасшысы және заманауи мемлекеттік аппараттың келбеті» атты ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн форматта өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

Конференцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрайымы Анар Жайылғанова, ҚР Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілов, мемлекеттік орган басшылары, қоғам белсенділері, оқу орындарының өкілдері мен агенттіктің аумақтық департаменттерінің жетекшілері қатысты.

Алғаш сөз алған облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов аталған конференцияның ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылуының өзіндік маңызына тоқталды.

«Қазіргі заманға сай мықты мемлекеттік аппарат құру ісі Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екені даусыз. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында алдымызда сын-тегеуріндер тұрды. Осыған орай Елбасы жаңа жағдайларға төтеп беретін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруды көздеді. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық әлеуеті маңызды рөл атқаратынын жақсы түсінді. Мемлекеттік аппараттың сапасы кез келген елдің даму процесінде шешуші факторға ие. Сондықтан бұл елдің стратегиялық басымдықтарының тиімді орындалуын қамтамасыз етуі тұрғысынан ерекше маңызды болды. Ұлт Көшбасшысының саяси ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан посткеңестік елдер арасында осы бағытта алғаш болып жүйелі қадамдар жасады», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкім өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау бағытында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды да атап өтті.

«Жыл басында жергілікті атқарушы органдар факторлы-балды шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшті. Пилоттық моделдің енгізілуі жергілікті деңгейде кадр ауысуының азаюына септігін тигізді. Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің ауысуы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6%-дан 2,6%-ға дейін азайған. Бұл мемлекеттік аппарат тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жалақы мөлшерінің өсуі мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттырды», - деді облыс әкімі.

Махамбет Досмұхамбетовтің атап өтуінше, бос лауазымдарға жарияланған конкурстарда бір орынға қатысушылардың саны 50%-ға өскен. Соның нәтижесінде мемлекеттік аппарат білікті кадрлармен толығуда. Қазір облыс әкімдігіндегі мемлекеттік қызметкерлердің сапалық құрамы да артты. Мемлекеттік қызметкерлер қатары 1 ғылыым докторы, 2 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы және «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегімен толықты. Ал бос лауазымдардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға дейін азайып отыр.

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған конференцияда төрт өзекті мәселе талқыға түсті. Қатысушылар жаңа мыңжылдықтағы мемлекеттік аппараттың ілгері дамуы, ауылдық округ әкімдерінің мәртебесі сынды мәселелер аясында ой бөлісіп, пікір алмасты.

Енді аталған конференцияны ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында жыл сайын өткізу көзделіп отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда «Мемлекеттік қызметшілер аллеясы» ашылған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT